Қарағандыда жоғалған 35 бала ата-анасына қайтарылды

Қымбат Елтайқызы

Олар концерт кезінде адасып қалған

фото: Қарағанды облысының полиция департаменті

Қарағандыда концерт кезінде жоғалған 35 бала ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қарағанды облысының тұрғындары тамыз айының соңғы жексенбісінде дәстүрге сәйкес кеншілер мерекесін атап өтіп жатыр. Халық саны миллионға жақындаған кеншілер астанасында сенбінің кешінде Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Қаланың орталық алаңына бұл концерттік бағдарламаны тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен жиналды. Іс-шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға полиция департаментінің 500 ден астам жеке құрамы жұмылдырылды, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Айта кету керек, іс-шара кезінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Тәртіп сақшылары концерт кезінде ата-анасы мен жақындарынан адасып қалған 35 баланы тауып, туысқандарына қайтарды.