×

«Енеме әлі де сәлем саламын»: Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовпен қалай ажырасқанын айтты

Асылжан қырқынан шыққанша енем қолымды салқын суға салғызбай мені бақты, дейді ол

 Халық үні 25.08.2024 | 06:34
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva

Актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен қалай ажырасқанын айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі алдымен ата-енесінің алдынан өтіп, олардың рұқсатын алған.

Айгүл Иманбаева ұлы алты ай болған кезде жолдасымен ажырасуға шешім қабылдаған. Өнер иесі ата-енесінің үйіне арнайы барып, жағдайын түсіндіруге тырысқан. Әнші он күн бойы ата-енесінің қасында болып, үйін жинастырып бір-ақ кеткен. Сөзінше, ата-енесі онымен қимай қоштасқан. Ажырасатынын естігенде Әбдіхалықовтың әжесі жылап қалған.

Балам алты айлық, оны алып, Сәбиттің ауылына ата-енеме бардым. Он күндей үйде болдым. Бірақ барған бойда ажырасатынымды айттым. «Сіздердің баталарыңызды алып кетейін деп едім. Немереңіз міне, қай уақытта десеңіз де алып келуге дайынмын, тек тұра алмаймын» деп түсіндірдім. Содан үлкен әжеміз тірі еді. Сол жылады, «Сәбитпен сөйлесейін, кетпе» деді. Сосын бұл менің шешімім екенін түсіндірдім. Сонымен он күн үйде болып, үйдің бәрін тазалап, әктеп, бәрімен қоштасып кеттім. Атам-анамның үйіне дейін әкеліп тастады. Анам да қой сойып, қонақ етті. Одан бөлек «құдағидың сыбағасы» деп тағы бір қой сойып, беріп жіберді. Міне, солай үлкендердің рұқсатымен ажырастым. Себебі олардан жаманшылық көрген жоқпын. Асылжан қырқынан шыққанша енем қолымды салқын суға салғызбай мені бақты. Әйел болып жамандайын десем, олардың жамандығын көрмедім. Күні бүгінге дейін араласамын, сәлем саламын. Қазіргі жолдасым айтады ғой «Айгүл, мен бұрынғы жолдасымның анасын «мама» деймін, сен ренжімейсің бе» дейді. Сол кезде «осы жерден келісіп алайық, мен де бұрынғы жолдасымның анасын «мама» деймін. Аналардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ, олар ана ғой» дедім. Сөйтіп, екеуміз келісіп алдық. Әлі күнге дейін солай енемді «мама» деймін», - деді Иманбаева «Мамский әңгіме» подкастында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама