Нұрболат Жұмабаевтың өліміне қатысты төрт полицей қамауға алынған
8 желтоқсанда Шымкент полиция департаментінің ғимаратында 1990 жылғы Нұрболат Жұмабаев тергеу кезінде көз жұмған. Ол автокөлік айдап әкетті деген күдікпен жауап алу үшін полицияға жеткізілген.
Оқиға болған күннің ертеңіне қайтыс болған жігіттің әкесі ұлын полицейлер ұрып өлтіргеніне сенімді екенін айтты. Ал Полиция департаментінің бастығы журналистерге марқұм тергеу кезінде өзін жайсыз сезініп, кенеттен қайтыс болды деп мәлімдеді.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, өлімге әкеп соғу) қылмыстық іс қозғалды. Алты полицей ішкі істер органдарынан шығарылып, төртеуі екі айға қамауға алынды - Жәнібеков, Исаев, Өткіров, Аймешов. Бүгін соттың алдын ала тыңдауында өз шындығын айтқан адвокаттар нағыз күдіктілердің бостандықта жүргенін мәлімдеді. Сөздерінше Нұрболат Жұмабаев жан тапсырған тергеу кабинетіне 9 полиция қызметкері кірген.
Марқұмның адокаты Талғат Есімов бұл іске Шымкенттің бұрынғы бас полицейі Ералы Жұмахамбетовтің де тартылуын ұсынды.