Абай облысында Сабантой кең көлемде аталып өтті
Оның аясында түрлі шара ұйымдастырылды
Абай облысында Бейбітшілік аралының бас алаңында дәстүрлі түрде мыңдаған қонақтың басын қосатын Сабантой мерекесіне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қатысушылар халықтық мерекенің атмосферасына еніп, татар халқының бай мәдениетімен, дәстүрлерімен танысты. Сонымен қатар ұлттық тағамдардан дәм татты.
Аграрлық сипаттағы жыл сайынғы мереке түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіретін алаңға айналды. Қонақтар Семей қаласы қолөнершілерінің сәндік-қолданбалы өнер көрмесін тамашалап, Абай өңірінің өлкетанушылары ұсынған бірегей көне жәдігерлер жинағын тамашалады, – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, татар мұражайлары қызықты экскурсиялар өткізіп, дәстүрлі киіз үйлерде ұлттық тағамдар, соның ішінде бәліш, чак-чак, эчпочмак және басқа да дәмді тағамдар әзірленді.
Қонақтарға Семей қаласының және Татарстанның танымал өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік күн отбасылық дастарханмен, әнмен, бимен және аспапта орындау мен көркем сөз сайыстарымен әрлене түсті. Сондай-ақ, көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырған спорттық сайыстар мен ұлттық ойындар да ұйымдастырылды.
Сабантой – күзгі дала жұмыстарының аяқталу мерекесі ғана емес, халықтардың мәдени мұрасын, достығы мен қонақжайлығын сақтауға деген ұмтылысты білдіретін маңызды мәдени шара.