4 тұтқын түрменің 8 қызметкері мен 4 сотталушыны кепілге алған
Ресей гвардиясының сұрмергендері Суровикинодағы ИК-19 колониясының қызметкерлерін кепілге алған 4 тұтқынды өлтірді, деп хабарлайды Halyq Uni Федералдық қылмыстық атқару қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 4 тұтқын түрменің 8 қызметкері мен 4 сотталушыны кепілге алған.
Қылмыскерлер 4 қызметкерге әртүрлі ауырлықтағы пышақ жарақатын салып, оның үшеуі қайтыс болған. Қарсылық көрсеткен тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды, бірақ олардың біреуі ауруханада көз жұмды, – делінген хабарламада.
Волгоград облысы денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Анатолий Себелев бұған дейін колонияның жараланған 2 қызметкерінің жағдайы ауыр, тағы екеуінің жағдайы орташа деп мәлімдеген.
Сондай-ақ департамент кепілге алынғандардың барлығы босатылғанын хабарлады.