×

Алматыда 21 сәби коронавирус жұқтырған

Қазір дәрігерлерге өз бетінше барып анықтаған 263 науқас бар

 Халық үні 23.08.2024 | 23:10
фото: Halyq Uni

Алматыда 21 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері 263 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді.

Ауру жұқтырғандардың 38,5%-ы – 20-39 жас аралығындағы адамдар.

  • 30,4%-ы – 60 жастан бастап;
  • 16,5%-ы – 40-59 жас аралығы;
  • 10,5%-ы – бір жастан 16 жасқа дейін;
  • 7,1%-ы (21 бала) – бір жасқа дейін;
  • 4,1%-ы – 15-19 жас.

Қазір дәрігерлерге өз бетінше барып анықтаған 263 науқас бар. Олардың 20-сы – жұмыс жағдайында анықталған науқастар. Ал 13-і эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды, – деді департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама