Алматыда 21 сәби коронавирус жұқтырған
Қазір дәрігерлерге өз бетінше барып анықтаған 263 науқас бар
Алматыда 21 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері 263 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді.
Ауру жұқтырғандардың 38,5%-ы – 20-39 жас аралығындағы адамдар.
- 30,4%-ы – 60 жастан бастап;
- 16,5%-ы – 40-59 жас аралығы;
- 10,5%-ы – бір жастан 16 жасқа дейін;
- 7,1%-ы (21 бала) – бір жасқа дейін;
- 4,1%-ы – 15-19 жас.
Қазір дәрігерлерге өз бетінше барып анықтаған 263 науқас бар. Олардың 20-сы – жұмыс жағдайында анықталған науқастар. Ал 13-і эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды, – деді департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова.