Halyq Uni логотип
×

СҚО-да 2 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылды

Ойын-сауық мекемелерінің иелері де жазаланды

 Динара Амантай 23.08.2024 | 17:50
СҚО-да 2 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

СҚО-да түнде жасөспірімдердің үйден тыс жерде болғаны үшін 2 мыңға жуық ата-ана жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар кешені тұрақты жүргізіледі.

Жыл басынан бері облыс полицейлері 1700-ге жуық рейд және 10 жергілікті пысықтау жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 1953 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 663 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарға ата-ана құқығынан айыруға 71 материал жіберіліп, оның 40-ы қанағаттандырылды. Ата-ана құқықтарын шектеуге 14 материал жіберіліп, 12-сі қанағаттандырылды, – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ жасөспірімдерді кешкі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз жібергені үшін 19 мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатқаны үшін 37 дүкен иесі тартылды. 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер жасаған бұзақылық үшін 116 заңды өкіл тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама