Тергеу жүргізіліп жатыр
Ұлытау облысында қаруланған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 4 браконьер Ұлытау ауданының аумағында қолға түскен.
«Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топ анықталды. Тексеру барысында олардан «Урал» маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен ұшасы, 29 дана кесілген мүйіз, 2 тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты, – делінген хабарламада.
Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.