Алматыда ағаш сындырған ер адам қамауға алынды

Дәурен Ерболат

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі

Фото: polisia.kz

Алматыда полиция ағаштарды сындырған ер адам қамауға алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, компания өкілі кесуге тыйым салынған көшеттердің сынғанын айтып, полицияға арызданған. Оқиға Төле би мен Райымбек даңғылдарының қиылысында Алматы өзенінің бойында болған.

Қазір ағаштарды сындыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Арызданушының айтуынша, тексеріс барысында 36 дана көшет сынған. Қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды. Ол ағаштарды сындырғанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс сотқа жіберіледі, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.