Семейде жойқын жарылысқа жол берілмеді

Дәурен Ерболат

Өрт сөндірушілер батыл әрекет еткен

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Семейде шаруашылық нысаны өртенді, деп хабарлайды Halyq Uni.

23 тамызға қараған түні қаладағы Березовка кентінде жер үйдің ауласындағы гараждың шатыры жанып, өрт шаруашылық нысанына тараған.

Мамандар жалпы ауданы 30 шаршы метр болатын өртті сөндірді. Өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрасыл Кеңесбек өртенген нысаннан сыйымдылығы 27 литр газ баллонын алып шығып, жойқын жарылысқа жол бермеді, - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.