×

«Ресей Украинаны Қазақстаннан атқылап жатыр»: тұрғындар жарылыстан қауіптеніп отыр

Халық «Капустин яр» полигонына наразылықтарын білдірді

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 16:20
фото: tvzvezda.ru

Батыс Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас аудандарының халқы «Капустин яр» сынақ алаңындағы жарылыстарға наразылықтарын білдіріп жатыр. 

«Уральская неделя» басылымының хабарлауынша, Казталов пен Бөкей ордасы аудандарының тұрғындары әлеуметтік желіде Ресей полигонынан ұшырылып жатқан ракетелар дүрсін-дүрсін естілетінін жазған. Мысалы, Казталовканың Абзал Есенғазиев есімді тұрғыны жарылыстың қатты естілетіні соншалық, үйдегі шкафтардың қозғалып, кейбір заттардың қирағанын айтқан.

Жарылысқа ұқсас дыбыстар 25 наурызда сағат 23.00-де, 5 сәуір күні сағат 22.48-де, 29 сәуірде сағат 11.29-да, сосын 7 маусымда түскен кейін, 8 маусымда таңертең болды, - деді ол.

Бостандық ауылының тұрғыны Асланбек Сармалаев та жергілікті халықтың зымырандардан қауіптенетіндерін, балалары, отбасылары үшін алаңдап отырғанын жеткізген. Ал Казталовкада бұрыннан бері тұратын Зульфия Кушваева Facebook-тегі парақшасында: «Бұл не деген сұмдық! Ресей қаруларының дыбыстары қашан бітеді?! Біз өзі тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз ба? Қайда тұрамыз өзі?», - деп Ресейдің Украинаны Қазақстанның аумағынан атқылауы мүмкін екенін жасырмаған.

Жазбаға пікір қалдырған адамдар да Ресейдің Украинаны атқылау үшін қазақ жерін пайдаланып жатқандарын айтқан. Оған мысал ретінде 20 мамыр күні Ресейдің «Взгляд» басылымына шыққан материалды келтірген.

Онда көрші елдің «Капустин яр» полигонынан Украинаға соққы беру үшін ракеталарды сынақтан өткізіп жатқаны жазылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Қазы жеген»: Тараз хирургтері тіс шұқығыш жұтып қойған науқасты құтқарды

Науқас өзінің 4 күн бойы ауырғанын айтқан
30.01.2023 | 02:40

Қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кеткен сәттің видеосы пайда болды

Миы шайқалған үш бала травматология бөлімінде емделіп жатыр
29.01.2023 | 23:44

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Таңертең және түнде тұман күтіледі
29.01.2023 | 22:32

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен баласын пышақтады - іс сотқа жіберілді

Жүкті әйел мен жеткіншек жеңіл дене жарақаттарын алған
29.01.2023 | 21:43