Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияда білім алды

Енді олар алған білімін елімізде қолданбақ

 Қымбат Елтайқызы 22.08.2024 | 17:05
Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияда білім алды
фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстандық су саласының мамандары Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қолдауымен Жапонияда екі айлық курстан өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу курсында cуды тазартудың озық технологиялары, су тазарту қондырғыларының құрылысын жоспарлау және басқару, су тарату құбырлар желісін компьютерлік бақылау және су сұранысын болжау тақырыптары бойынша дәріс оқылды. Сондай-ақ, Саппоро, Сендай, Кобе және Токио қалаларындағы су тазалау станцияларына, болат және пластмасса құбырлар шығаратын зауыттарға іссапар ұйымдастырылды, деп мәлімдеді Су ресурстары және ирригация министрлігі.

«Курс бағдарламасы өте ауқымды болды. Дәрістерден бөлек, су тарату құбырларын жалғау және жөндеу, судың сынамасын алу және тағы да басқа тақырыптарда практикалық жаттығулар орындадық. Алдағы уақытта, Жапония елінен жинаған тәжірибемді тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлерімен бөлісуді жоспарлап отырмын», – деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Су пайдалануды басқару және реттеу бөлімінің бас маманы Фариза Мәденова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама