×

Шетелге жөнелтілген 370 млн теңгенің химиялық затын ұрлағандар жазаланды

Олар бұл қылмысын бірнеше рет қайталаған

 Қымбат Елтайқызы 22.08.2024 | 11:39
фото: polisia.kz

Құны 370 млн теңгеден асатын ферроқорытпаны ұрлаған қылмыстық топ әшкере болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, көлік полицейлері құны 370 млн теңгеден асатын ферроқорытпаны ұрлаған қылмыстық топтың жолын кесті.

Көліктегі полиция департаментінің жан-жақты тергеуінің арқасында Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Семей және Аягөз станциялары арасындағы учаскеде жүк пойыздарынан бірнеше рет ферроқорытпа ұрлығын жасаған топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді.

Бұл туралы көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жүк «Қазхром»ТҰК» АҚ құрамына кіретін Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі болған. Жүк Қытай арқылы Жапония мен Үндістанға жіберілген болатын.

Компанияға келтірілген залал сомасы 370 млн теңгеден асты. Абай облысы Жарма аудандық сотының шешімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп қосты Малыбаев.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама