×

Қазақстан бейбіт саясат ұстанады – министр Беларусь елшісіне

Беларусь тарапы Астананың ұстанымын объективті бағалауы керек

 Дәурен Ерболат 22.08.2024 | 10:15
Фото: СІМ

Қазақстандағы Беларусь елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті. Қос тарап

Қазақстан-Беларусь екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбіт сыртқы саясат жүргізіп жатқанын ерекше атап өтті. Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушілік саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуге тиіс екеніне нық сенімді. Қазіргі геосаяси жағдайда Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан еліміздің сыртқы саяси бағыты өзінің тиімділігін көрсетті, - деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.

Осыған байланысты министр Беларусь тарапын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама