Оған айыппұл салынып, 10 тәулікке дейін қамауға алынады
Әнші Алтынбек Тәшімбетов өз қателігін мойындап, аурухана қызметкерлерінен кешірім сұрады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазды Halyq Uni.
Алматының Орталық клиникалық ауруханасынының қабылдау бөлімінде жанжал шығарған әнші сынған әйнектерге кеткен шығынды да өтеуге уәде берді.
Сондай-ақ оның ісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша сотқа жіберіледі.
Еске сала кетсек, Михаил Козачков бұған дейін әнші Алтынбек Тәшімбетовтің мас халде ішкиімшең жүріп, дәрігерлерді балағаттағанын да жазған еді. Енді оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша айыппұл салынып, 10 тәулікке дейін қамауға алынады.