Спортшы өзіне жала жабылғанын мәлімдеді
Әлем чемпионы Жанқош Тұраров өзіне қатысты желіде тараған қыз зорлады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әйгілі боксшы Instagram-дағы ресми парақшасына үш қыз өсіріп отырғандығын, өзіне жала жабылғандығын жазды. Айтуынша, қазір мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
Үш қыз өсіріп отырған әкемін! (ары қарай сөзі өңделмей, пунктуация сақталды -авт.) төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын! – деп жазды Жанқош Тұраров.
Сондай-ақ спортшы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қалалық ПД Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені жөнінде мәлімет берген болатын.