×

«Үш қыз өсіріп отырған әкемін!». Жанқош Тұраров жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты

Спортшы өзіне жала жабылғанын мәлімдеді

 Динара Амантай 21.08.2024 | 12:00
Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Әлем чемпионы Жанқош Тұраров өзіне қатысты желіде тараған қыз зорлады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әйгілі боксшы Instagram-дағы ресми парақшасына үш қыз өсіріп отырғандығын, өзіне жала жабылғандығын жазды. Айтуынша, қазір мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

Үш қыз өсіріп отырған әкемін! (ары қарай сөзі өңделмей, пунктуация сақталды -авт.) төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын! – деп жазды Жанқош Тұраров.

Сондай-ақ спортшы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қалалық ПД Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені жөнінде мәлімет берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама