Ол екі ай бойы жасырынып жүрген
Ақтөбе облысында мектеп дәптерлері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртеніп кеткен. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан кейін ұсталды. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірген.