Halyq Uni логотип
×

Конституциялық сот бір жылда құрылады

Парламент заң жобасын қай уақытта қабылдайтыны белгісіз

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 14:41
Конституциялық сот бір жылда құрылады
Көрнекі фото

Елімізде Конституциялық сот осы жылдың соңына дейін немесе келесі жылдың басында құрылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты.

Оның айтуынша, ертең министрлік «Конституциялық сот туралы» Конституциялық заңның тұжырымдамасын ведомствоаралық комиссияның талқылауына шығарады. Егер комиссия мақұлдаса, тиісті заң жобасының пакеті дайындалады.

Сонымен бірге ол концептуалдық нормалар Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына шығарылып, талқыланатынын айтты.

«Осыдан кейін Бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүгіну процестерін жазамыз. Осының бәрін ескеріп, заң жобасын тамыз айының соңына дейін Мәжіліске жіберу жоспарланып отыр. Одан соң, депутаттар заң жобасын қарап, қабылдайды. Оның қай уақытта қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан Конституциялық сот осы жылдың соңы немесе келесі жылдың бірінші жартыжылдығында құрылады деген жоспар бар», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама