Алдағы уақытта бұл тенденция жалғасады
Қазақстанда бір жылда шамамен 80 ауыл жабылды, деп хабарлайды Telegram-дағы Data Hub арнасы.
Биыл 1 шілдедегі мәліметке сәйкес, елімізде 6 208 ауыл тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 78-ге аз.
Ауыл санының азаюы – тұрақты процесс. Соңғы уақытта ол тез жүріп жатыр.
Айта кетейік, былтыр 3 облыста 39 ауыл жабылғаны хабарланған еді.