Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында artemia salina шаянын аса ірі көлемде заңсыз аулау дерегі анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жедел уәкілдермен жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесінде 13 тамызда Қызылжар ауданының аумағында КамАЗ жүк көлігінен 260 қап шаян жұмыртқалары тәркіленді. Тағы 242 қап Бескөл ауданы орталығындағы қоймадан алынды. Аталған дерекке қатысты Тайынша ауданының 35 жастағы және 29 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Екеуі де бұрын бұзақылық пен ұрлық жасағандығы үшін сотталған.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, олар шаянды Тайынша ауданындағы Қалыбек тұзды көлінде аулаған.
Тәркіленген artemia salina шаяндарының жалпы салмағы – 24 тонна. Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.