Halyq Uni логотип
×

Сенатор Шерхан Мұртазаның атын көше, мектептерге беріп, өзіне ескерткіш салуды ұсынды

Ол мерейтойды лайықты деңгейде атап өту үшін Үкімет қаулы қабылдағанын жеткізді

 Дәурен Ерболат 09.06.2022 | 14:27
Сенатор Шерхан Мұртазаның атын көше, мектептерге беріп, өзіне ескерткіш салуды ұсынды
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев жазушының 90 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда жаңадан салынған мектептердің біріне Шерхан Мұртазаның есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Қазақ халқында қаламының қуатымен, жүрегінің қайратымен, артына өшпес із қалдырған, ардақты арыстарымыз аз болмаған. Депутаттық сауалымыз қазақ әдебиетінің қара нары, қазақ журналистикасының жампозы, шындықтың жебесі, көрнекті халық жазушысы Шерхан Мұртаза туралы. Ұлт жанашыры, мемлекеттік сыйлықтың иегері, журналист, аудармашы, халқы «Шер-аға» деп сүйіспеншілікпен әспеттеген абыз ақсақаламыз болған Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын атап өту жөнінде болып отыр, - деді Әбдәлі Нұралиев сенат отырысында.

Ол мерейтойды лайықты деңгейде атап өту үшін Үкіметтің қаулысы қабылданғанын, осыған байланысты келесі іс-шараларды жүргізу керектігін жеткізді.

«Халық жазушысының өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм түсіру, халықаралық ғылыми практикалық конференция, тағы басқа танымдық іс-шаралар өткізу, Шерхан Мұртазаның есімін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы көшелерге және елордада жаңадан салынған мектептердің біріне беру, туған жерінде жазушының еңселі ескерткішін қарастыруды сұраймыз», – деді сенатор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама