Жетісу облысында тәртіп сақшылары ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Құқық қорғау органдары күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі заттарының едәуір мөлшерін алды. Сонымен қатар өсірілген қарасора бұталарын тәркіледі, – деп қосты ІІМ.
Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – бір келіден асты.
Құрықталған ер адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болып шықты. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.