Halyq Uni логотип
×

Астанада тағы бір автобус жолағы пайда болды

Бұл қоғамдық және арнайы қызметтер көліктерінің кедергісіз жүруіне ықпал етеді

 Қымбат Елтайқызы 20.08.2024 | 10:29
Астанада тағы бір автобус жолағы пайда болды
фото: Halyq Uni

Әл-Фараби даңғылында Bus Lane енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін елордада тағы бір автобус жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында, екі бағытта іске қосылды, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Қазіргі уақытта бұл аудан - қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді, – деп қосты ведомство.

Bus Lane жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама