Бірқатар теміржол қызметкері жазаланды
Ұлттық тасымалдаушының қызметкерлері тексеріс кезінде бірнеше пойызда заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері №85/86 «Шымкент-Астана», №11/12 «Шымкент-Алматы» және №3/4 «Алматы-Астана» пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі мен сапасын тексерді. Мұндай тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі, деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ.
Аталған тексеру барысында Ұлттық тасымалдаушының стандарттарына сәйкес келмейтін бірқатар заңбұзушылық пен сәйкессіздіктер анықталды. №85/86 «Шымкент-Астана» пойызында тексерушілер кейбір вагондардағы сапасыз тазалық пен жиналмаған қоқысты атап өтті. Заңбұзушылықтарға жол берген қызметкерлерге қатаң ескертулер берілді, – деп қосты ведомтво.
№11/12 «Шымкент-Алматы» пойызында жұмсақ алынбалы инвентарьдың бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Жеткізуші кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндеттеледі. №3/4 «Астана-Алматы» пойызында вагон жолсерігі қосымша ақы үшін тіркелмеген жүкті тасымалдаған. Бұл жолсерікпен еңбек шарты бұзылды.
Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын қатаң қадағалап, жолаушылардың ескертулеріне жедел жауап береді. Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар +7 776 714 5686 нөміріне немесе WhatsApp арқылы байланысу үшін вагондардағы QR-кодтарды пайдалана алады.