Үкім заңды күшіне енді
14 тамызда Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың біріне терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырған. Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетсек, жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жазаға сотталған.