Алматыда төреші футболшыға қызыл қағаз көрсеткені үшін тепкінің астында қалды (ВИДЕО)
Оның миы шайқалып, көптеген жарақат алған
Алматыда Pioneer және Eric-Son командалары арасындағы әуесқой J-League футбол матчынан кейін бас төрешіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Төреші Игорь Карповтың миы шайқалып, көптеген жарақат алған.
Куәгерлердің айтуынша, төреші ойыншылардың біріне қызыл қағаз көрсеткен. Бірақ олар келіспей, көпшілік төрешіге шабуыл жасаған, – деп хабарланды.
Футбол лигасының Telegram-парақшасында хабарланғандай, оқиғадан кейін тәртіптік комитет Pioneer командасын матч төрешісіне шабуыл жасағаны үшін турнирден шығару туралы шешім қабылдаған. Сондай-ақ команданың 3 ойыншысы OFL-J-LIGA аясындағы барлық турнирге қатысудан өмір бойына шеттетілді.