Оны облыстық полиция департаменті растап отыр
Ақмола облысының Атбасар қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 тамызда түнгі сағат 03:00 шамасында болған.
Атбасар қаласында жаяу адамды көлік қағып, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Жол апатына қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде күдіктінің полиция қызметкері екені туралы ақпарат тарады. Оны облыстық полиция департаменті растап отыр.
Қазір ол теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Ақмола облысы ПД басшылығының жеке бақылауында, – делінген хабарламада.