«Біз сені 8 жыл күттік»: Алагөзова 15 күннен кейін төртінші қызын «дүниеге әкелді»

Халық үні

Шаңырағымызда Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді, - деп жазды ол

фото: Instagram-дағы парақшасынан

Продюсер Баян Алагөзованың төртінші қызы дүниеге келді, деп хабарлады Halyq Uni.

Айта кетсек, оның бірінші некеден екі қызы (28 жастағы Айсәуле мен 21 жастағы Айару) бар екені мәлім. Енді міне, Тұрсынғали Алагөзевке тұрмысқа шыққаннан кейін қатар-қатар тағы екі қыздың анасы атанып отыр.

Біз сені 8 жыл, ол аздай Алисадан тағы 15 күнге көп күттік. Шаңырағымызда Алагөзова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді, - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Еске сала кетсек, биыл 5 тамызда 50 жастағы Баян Алагөзованың сәби сүйгені хабарланған болатын. Оған Алиса деген есім қойылған.

Актриса әрі продюсер Баян Алагөзова 1974 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген. Ал қазіргі күйеуі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов 1969 жылы 17 қыркүйекте туған.