Айыпталушының кінәсі сотта дәлелденді
Абай облысында көліктегі полиция есірткі тасымалдаған шетелдікті ұстады, деп хабарлады Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, көліктегі полицейлер ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Абай облысы Ауыл станциясында 28 жастағы шетелдікті ұстады. Ол Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында отырған. Тінту барысында күдіктіден марихуана табылды. Сотқа дейін тергеу жүргізілді.
Соттың шешімімен шетелдікке 200 АЕК (738 400 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) айыппұл салынды.