Halyq Uni логотип
×

«Керек ақпаратты WhatsApp-тан алады». Полиция алаяқтардан сақ болуға шақырды

Ұялы телефоныңызға күмәнді қосымшалар орнатпаңыз

 Дәурен Ерболат 19.08.2024 | 16:06
«Керек ақпаратты WhatsApp-тан алады». Полиция алаяқтардан сақ болуға шақырды
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елімізде алаяқтық дерегі жиілегенін айтып, қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы уақытта алаяқтар мемлекеттік органдар мен ірі жеке ұйымдар басшыларының атынан жалған аккаунттар ашып, адамдарды алдауды жиілеткен.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері» байланысқа шығып, олардың барлық талабын орындау қажет екенін айтады. Осындай манипуляциядан кейін алаяқтар азаматтардың атына несие рәсімдейді.

Қаскөйлер керек ақпаратты WhatsApp сияқты мессенджерлерге «Туысыма дауыс беріңіз немесе сіз сыйлық ұтып алдыңыз" деген сілтемелерді жіберу арқылы алады. Адам сілтемеге өткеннен кейін, қылмыскерлер ұялы телефондағы контактілер тізіме ие болады, - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, мұндай қауіпті сілтемелерді алаяқтар онлайн ойындарда да пайдаланады. Осылайша, ересектерден де, балалардан да ақша талап етуі мүмкін.

Шыңғыс Алекешев алаяқтарға алданбас үшін төмендегі қарапайым ережелерді сақтауға керегін айтты:

  • Күдікті сілтемелерге өтпеңіз. Егер сіз сілтемені ашып қойған болсаңыз, мессенджеріңізге қосылған барлық құрылғыны өшіріңіз;
  • Бейтаныс абоненттерден түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз;  
  • Банктер, брокерлік, инвестициялық компаниялар немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалған нұсқауларды орындамаңыз. Есіңізде болсы арнайы операция телефон арқылы жүргізілмейді;
  • Жеке ақпаратты, банк карталарының CVV-кодтарын, аударымдар туралы түбіртектерді, сондай-ақ, СМС-кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеңіз;
  • Бөгде адамдардың өтініші бойынша телефоныңызға қандай да бір мобильді қосымшаларды орнатпаңыз;
  • Мобильді қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және Play Market платформаларын пайдаланыңыз;
  • Күмәнді инвестициялық жобаларға қаражат салмаңыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама