Бала зембілдің көмегімен 4 метр тереңдіктен шығарылды
Алматыда жасөспірім орға құлап кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туылған бала құлағаны туралы хабарлама түскен.
Шақыру орнына барған ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты.
Жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.