Пара беруші мен делдал да заң алдында жауап берді
Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) басшысы Әділет Мұстафиновқа үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Айыпталушы делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Әділет Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 30 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ пара берушіге 20 млн теңге, ал делдалға 10 млн теңге айыппұл салынды, - деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.