Биыл мопедтің кесірінен 40-тан аса адам мерт болды

Дәурен Ерболат

Мопед жүргізушілері жол ережесін жиі бұзады

Фото: zakon.kz

2024 жылғы 7 айда мопедтің кесірінен 40-тан аса адам көз жұмған деп хабарлайды Halyq Uni Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 700-ден астам көлік апаты тіркелді.

Биыл 7 айда мопедтерге қатысты 734 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам қаза тапқан, 799 адам жараланған, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ осы жылы мопед жүргізушілерінің 53 мыңнан аса құқық бұзу дерегіне қатысы болған.