Олар дербес жұмыс істейді
Жоғарғы сотта өткен дөңгелек үстелде кассациялық соттардың жұмысы қашан басталатыны айтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Жоғарғы Сотта кассациялық соттарды құру мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Жоғарғы соттың, сот әкімшілігінің, республикалық адвокаттар алқасының, Парламентаризм институтының басшылығы, Бас прокуратура өкілдері қатысты.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап, елордада апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар 3 дербес кассациялық сот жұмыс істейді, - деп жазылған Жоғарғы сот таратқан хабарламада.