Halyq Uni логотип
×

Қарызын қайтармаған астаналықты жазаламақ болғандар сотталды

Айыпталушылар жәбірленушіні күшпен үйде ұстаған

 Дәурен Ерболат 19.08.2024 | 10:54
Қарызын қайтармаған астаналықты жазаламақ болғандар сотталды
Фото: Halyq Uni

Астанада қарызын қайтармаған тұрғынды жазаламақ болғандарға сот үкім шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық соттың мәліметінше, елордалық 2 млн теңге қарызын қайтармаған. Осылайша, 3 ер адам оны күшпен Павлодарға алып кетіп, жалға берілетін пәтерде ұстаған.

Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталғандардың апелляциялық шағымдарын қарады (Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 1 тармағы, 389-бабы 3-бөлігі).

Айыпталушы «Ш» адамды ұрлағаны және өзінше билік еткені үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Топтың құрамында болған «Х» және «У» адамды ұрлауға көмектескені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама