Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей, дейді ол
Белгілі әнші Абай Бегейдің екінші әйелі Фариза Жұманова өзінің Instagram-дағы парақшасында тұрмысқа шыққан қызын қимай, жылап қалды.
Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей. Тақсырға көрсетпей жылап аламын. Симби қызым бақытты бол. Менімен танысканда 9 жасар құттай бөпе едің. Енді міне бой жетіп, өз теніңді тауып жатырсың. Аллам бақыт бергей, - деп жазды ол.
Оған қоса Фариза Жұманова қызы екеуінің алмасқан хабарламаларын да көрсетті.
Апа, сізді қалай жақсы көретінімді білсеңіз ғой. Сізге мәңгі қарыздармын. Бірдеңе болса, сізге барымды беруге дайынмын. Сіз өмірімнің ең ауыр сәтінде қасымда болдыңыз. Ең қиын сәттерді бірге кештік. Мені өзіңіздің қызындай көрдіңіз, туған қызыңыздай жақсы көресіз. Мен сізді өз анамдай жақсы көремін, апа, - деп жазған Сымбат Абайқызы.
«Сенің осынша ерте кететініңді білгенде қасыма алып жататын едім», - деп жауап берді Фариза Жұманова.