Бүгін – Шекарашылар күні
Астананың Сарыарқа ауданында Шекарашылар күніне орай С.Сейфуллин көшесінде салтанатты түрде мурал ашылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, муралдың биіктігі 18 метрді құрайды. Онда шекара қызметінің белгілері көрініс тапқан. Оның композициясында ел шетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекарашылардың маңыздылығын білдіретін әуе және теңіз кемелері үйлесімді бейнеленген.
Ашылу салтанатына Шекара қызметінің ардагерлері мен басшылығы, сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. Жиында «Астана» шекаралық бақылау басқармасының бастығы, полковник Мақсат Ахметқалиев сөз сөйледі.
«Қазіргі шекарашылар заманауи қару-жарақпен, технологиямен қаруланған, бірақ олардың жұмысында ең бастысы – патриотизм мен батылдық. Біз бұл қиын мамандықты таңдап, осы жолда Отанымызға, оның мемлекеттік шекараларын қорғауға абыроймен қызмет етуіміз керек», – деді Ахметқалиев.