Бірқатар кеңес те берді
Денсаулық сақтау министрлігі «елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданды» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ДСМ әлемдегі маймыл шешегінің ағымдағы жағдайы туралы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар жайында азаматтарды хабардар етті.
Бүгінгі таңда Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады, – деді министрліктің баспасөз қызметі.
Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пунктерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.
Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін ДСМ эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап тұр және кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға дайын.