Halyq Uni логотип
×

ДСМ маймыл шешегінің таралуы жайлы мәлімдеме жасады

Бірқатар кеңес те берді

 Қымбат Елтайқызы 18.08.2024 | 13:40
ДСМ маймыл шешегінің таралуы жайлы мәлімдеме жасады
фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі «елге инфекцияның әкелінуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданды» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ДСМ әлемдегі маймыл шешегінің ағымдағы жағдайы туралы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар жайында азаматтарды хабардар етті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады, – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пунктерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.

Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін ДСМ эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  1. Ауру адамдардан және жабайы жануарлардан аулақ болыңыз. Маймылдар, егеуқұйрықтар мен басқа да жануарлар вирус жұқтыруы мүмкін;
  2. Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері және қолғаптарын қолдану маңызды;
  3. Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу мен дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі;
  4. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз;
  5. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер бөртпе, жоғары температура мен басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап тұр және кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға дайын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама