×

Министр Әуе қорғанысы күштері күнімен құттықтады

Қарулы күштердің бұл түріне биыл 26 жыл толды

 Қымбат Елтайқызы 18.08.2024 | 09:32
фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметкерлерді бүгінгі Әуе қорғанысы күштері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

18 тамызда елімізде Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні аталып өтеді. Қарулы күштердің бұл түрі 26 жыл бойы әуе кеңістігінің сенімді қалқаны ретінде қызмет етіп келеді.

«1998 жылы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштері Әуе қорғанысы күштеріне айналды. Бүгінде олар әскери және әскери техниканың заманауи үлгілері бар Қарулы күштердің жоғары технологиялық, маневрлік түрі болып саналады. ӘҚК құрамалары мен әскери бөлімдері мемлекетіміздің әуе шебін күзетуде тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаратын тұрақты жауынгерлік даярлық бөлімдері болып келеді.

Әуе қорғанысы күштері еліміздің әскери авиациясы және әуе шабуылына қарсы қорғанысын жетілдіруге айтарлықтай үлес қосқан көрнекті әскери қолбасшыларды тәрбиеледі. Көптеген генерал мен офицерлер үлкен кәсіби тәжірибеге ие болды және Әскери-әуе күштерінде, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде, Қорғаныс министрлігінде әрі Қарулы күштердің Бас штабында жауапты қызмет атқарады. ӘҚК жеке құрамы аға ұрпақтың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін абыроймен жалғастыратынына сенімдімін», – деді Жақсылықов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама