Қалада бірқатар басты көше жабық тұр
Астанада Сығанақ көшесінің учаскесінде жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінен бастап Әйтеке би көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесіндегі жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Осыған байланысты 17, 18 тамыз күндері жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте, қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі, – деп қосты ведомство.
Қала тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, дейді мамандар.
Сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс шектелген болатын.