Ол Қазақстанның әр өңіріне 1 млн доллар үлестірген
Маскадағы беймәлім жігіт биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Видео Instagram желісіндегі chelovekvmaskee парақшасында жарияланды.
Кешіріңіз, апа, Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар, - дейді видеода аты-жөні беймәлім жігіт.
Сондай-ақ ол баспананың қай өңір тұрғындарына берілгені туралы жазды.
Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік.
Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», - делінген жазбада.