Жадыраев пен Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер мен қаржылай сыйақы берілді
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко да қаржылай сыйақы алды
Қонаев қаласының орталық алаңында Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбай марапатталды. Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты, деп хабарлайды Halyq Uni inform.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысының әкімдігі Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа 3 бөлмелі пәтер мен 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбековке және спортшының жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа 2 бөлмелі пәтер мен 2 миллион теңгенің сертификаты сыйланды.
Ал Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға демеушілер атынан 3 бөлмелі пәтер мен 2 миллион теңге сыйақы табысталды.
Сондай-ақ Париж Олимпиадасына Алматы облысының атынан қатысқан Әсем Орынбай, Эдуард Ещенкоға 2 миллион теңге қаржылай сыйақы берілді.