Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі
Абай облысында екі әйел қоғамдық орында өзгелерге құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Әлеуметтік желілерге олардың балағат сөздер айтқан видеосы тарап жатыр, деп хабарлады Halyq Uni.
Абай облыстық ПД аталған видеоға қатысты пікір білдірді.
Тәртіп сақшылары келгеннен кейін әйелдер заңға қайшы әрекеттерді тоқтату және мәселені одан әрі қарау үшін полиция бөліміне бару туралы заңды талапты орындамай, құзырлы орган өкілдеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде бағынбаған.
Қазір әйелдер ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Енді материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі.