×

ІІМ басшысы Жамбылдағы апатты тергеу барысын жеке бақылауына алды

Қайғылы оқиға салдарынан 6 адам, оның ішінде 2 полицей мерт болған еді

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 14:55
фото: Ержан Сәденовтің FB парағы

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бүгін түнде жантүршігерлік жол апатынан мерт болған тәртіп сақшыларының отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Олардың елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қаза болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу барысы менің жеке бақылауымда, – деп жазды Сәденов әлеуметтік желідегі парағында.

Бұған дейін Жамбыл облысында апат болып, алты адамның көз жұмғаны жайлы жазған едік. БАҚ-та тараған ақпаратқа сай, сақшының бірі – 11 баланың әкесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама