Halyq Uni логотип
×

Қазақстандағы көліктердің «орташа жасы» белгілі болды

Ескі автокөлік көп пе, әлде жаңасы ма?

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 12:10
Қазақстандағы көліктердің «орташа жасы» белгілі болды
фото: Halyq Uni

Елімізде 2024 жылдың маусымында 132,8 мың автомобиль есепке қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3%-ға кеміді.

Осылайша, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктер саны 5 506,9 мыңды құрады. Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автокөліктері мен 2,1% – автобустар, – деп қосты бюроның баспасөз қызметі.

Тіркелген жеңіл көліктердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан бірақ 20 жылдан кем автокөлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автомобильдердің тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды.

Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл көліктердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың, Алматы қаласында – 189,7 мың, Жамбыл облысында – 168,8 мың, Қарағанды облысында – 162,9 мың әрі Шығыс Қазақстан облысында – 154 мың тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама