Halyq Uni логотип
×

Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс шектеледі

Басты көшелердің бірінде шектеу орнатылады

 Қымбат Елтайқызы 17.08.2024 | 09:32
Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс шектеледі
фото: Halyq Uni

«Астана Жұлдызы» айналма жолы бойынша қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Астана Жұлдызы» айналмасы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді. Осыған байланысты 17-19 тамыз аралығында айналма жол қозғалысы ішінара шектеледі, деді жергілікті әкімдік.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

«Астана жұлдызы» айналмасына жоғарғы қабатты төсеу 17 тамыздан 18 тамызға дейін.

  • Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;
  • Қабанбай батыр даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;

«Астана жұлдызы» айналмасына жоғарғы қабатты төсеу 18 тамыздан 19 тамызға дейін.

  • Қабанбай батыр даңғылы (әуежай), Мәңгілік ел даңғылынан «Астана жұлдызы» айналмасына дейін;
  • Астананың оңтүстік-батыс айналма жолынан «Астана жұлдызы» айналма жолына дейін (Қосшы қаласы тарапынан).

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек, деп ескертеді мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама