Halyq Uni логотип
×

«Қызымның денесіне қол жүгіртті». Қостанайлық ер мұғалім балаларға күш көрсеткен

Ата-аналар орталық басшылығымен келіссөзге келіп, арыздарынан бас тартыпты

 Халық үні 17.08.2024 | 07:43
«Қызымның денесіне қол жүгіртті». Қостанайлық ер мұғалім балаларға күш көрсеткен
фото: видеодан скриншот

Қостанайда ерекше балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дене шынықтыру мұғалімі оқушыларды ұрып-соққан, деп хабарлайды Halyq Uni Время басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде орталықтағы бейнебақылау камераларына түсірілген видеолар пайда болды. Олардың бірінен ер адамның спорт залдағы жүгіру жолағында жүгіріп тұрған жасөспірімді тепкілеп жатқанын көруге болады. Екінші видеода ол қолындағы таяқпен балаға жақындап, дұрыс жүгіруді үйретіп жатқанын көруге болады. Ал үшінші видеода дене шынықтыру мұғалімінен қашып, бір бұрышқа тығылмақ болған қыз бейнеленген.

Оларды көрген ата-аналар шошып кеткен. Видеодағы қыздың анасы мұғалімді «қызымның денесіне қол жүгіртті» деп айыптады. Әйел полицияға арыз жазып, оған басқа ата-аналар да қосылған. Алайда кейін олар орталық басшылығымен келіссөзге келіп, арыздарынан бас тартқан көрінеді.

Орталықтың директоры Дина Кусалина денсаулығына байланысты уақытша демалыста екенін, желіде тараған видеоларды көрмегенін айтты. Бірақ жағдайға қатысты дене шынықтыру мұғалімінің жұмыстан шеттетілгенін атап өтті.

Бұл мұғалім қазір жұмыстан шеттетілді. Онымен құқық қорғау органдары айналысады, – деді Дина Кусалина.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама